"Каспий жағалауындағы өрт аумағы шамамен 60 гектарға дейін ұлғайды. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Сағат 20:40-та өрт "Ақжайық" (резерват) аумағына таралды. Өрт аумағы нақтыланып жатыр. Өрт аумағында телефон және радио байланысы жоқ", – деп хабарлады департамент.
Еске салайық, 20 қыркүйекте Атырау облысындағы Каспий теңізінің жағалауында қамыс өртенген. Жағалау аумағының 40 гектар жерін жалын шарпыды.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        