Каспий жағасына шығып қалған итбалықтардың қырылу себебі анықталмай отыр

1914

Каспий жағасына шығып қалған итбалықтардың қырылу себебі анықталмай отыр

Каспий теңізінің Маңғыстау жағалауынан итбалықтардың өлексесі табылды, деп хабарлайды atr.kz.

Мамандар келіп жеткенше олардың көбін көміп те үлгеріпті. Оқиғаның болғанына біраз күн өтіп кеткендіктен, лабораториялық тексерулерден айтарлықтай нәтиже болмаған. Жануарлардың жаппай қырылуына не әсер еткені әзірге белгісіз.

Ғалымдардың айтуынша, соңғы 10-15 жылда итбалық саны үздіксіз азаюмен келе жатыр. Бұған дейін де халықаралық табиғат ұйымы осы теңіз жануарларын қорғалуға тиіс топқа жатқызған. Енді олардың жойылу алдында тұрғанын айтып дабыл қағуда.
Бұған дейін жүргізілген зерттеулер итбалықтардың табиғи ортасының ластанғанын, қорегінің де кемігенін көрсетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу