Каспий жағасында құны 1,1 млрд теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды

517

Маңғыстау облысында теңіз жағалауындағы үш жер учаскесі игерілмегендіктен мемлекет меншігіне өтті.    

Каспий жағасында құны 1,1 млрд теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды Фото: tumba.kz

Жалпы ауданы 696,8 га және кадастрлық құны 1,1 млрд теңге болатын жерлер 2007 жылдан бері игерусіз жатқан. Үш учаске Қарақия ауданында орналасқан, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Тексеру барысында облыс прокурорлары Ақтау қаласында мемлекет меншігіндегі жер телімдерін өз бетінше иемденудің 61 фактісін анықтады.

Сондай-ақ, облыс бойынша ауданы 44 850 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін ұтымсыз пайдаланған 57 шаруа қожалығын анықтады.

“Ауыл шаруашылығындағы үй жануарларының саны жайылымдардың жалпы алаңына шекті рұқсат етілген жүктеме нормасына (20%-дан аз) сәйкес келмегені анықталды. Осылайша жер учаскелері іс жүзінде пайдаланылмады. Барлық бұзушылықтар бойынша жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару және кінәлі адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында облыс прокуратурасы прокурорлық қадағалау актісін енгізді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда”, - деп хабарлады Маңғыстау облысының прокуратурасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу