Каспийде 2 жасөспірім жағадан бір шақырым жерден құтқарылды

219

Жасөспірімдер үрлемелі матраспен жағадан алыстаған.  

Каспийде 2 жасөспірім жағадан бір шақырым жерден құтқарылды Фото: Бейнежазбадан

Маңғыстау облысының Қарақия ауданында ТЖМ құтқарушылары Каспий теңізінде үрлемелі матраспен жағадан шамамен бір шақырымға алыстап кеткен екі жасөспірімді құтқарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға Құрық ауылы маңындағы "Ерсай" аумағында болған. Жағалауды патрульдеу кезінде құтқарушылар 2012 және 2013 жылы туған жасөспірімдерді байқап, дереу көмекке барған.

Балалар жағаға жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

ТЖМ балаларды су айдындарында қараусыз қалдырмауға және олардың жағадан алысқа жүзуіне жол бермеуге шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу