Каспийде Әзербайжан пароходтары монополия орнатқан – ҚР Көлік комитеті өкілі

612

Қазақстанда Каспий арқылы құрғақ жүк тиейтін төрт паром бар. Болашақты олардың санын 10-ға жеткізіп, өзіміздің паром флотымызды салуды "ниет етеді". Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қасым Тілепов айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Каспийде Әзербайжан пароходтары монополия орнатқан – ҚР Көлік комитеті өкілі

Оның айтуынша, жыл соңына дейін контейнер тасымалдаушы тағы екі паром сатып алынады екен.

"Өзіміздің паром флотымызды салсақ деген ниетіміз бар. Келешекте контейнер тасымалдаушы паромдардың санын 10-ға дейін жеткізсек деген жоспарымыз бар. Қазір Каспийде Әзербайжан пароходтары монополия орнатқан", – деді Тілепов.

Айта кетейік, жуықта Ресей тарапынан Каспий құбыр консорциумының жұмысы тоқтатылған тұста ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мұнайды теңіз арқылы тасымалдауды жетілдіруге тапсырма берген болатын.

"Контейнерлердің ағыны артып жатқанын ескеріп, Ақтау портында контейнер хабын салмақшымыз. Осы мақсатпен халықаралық көлік-логистикалық компанияларды тарту жоспарланып отыр. Оның ішінде PC International да бар. Сондай-ақ Maersk, Mediterranean Shipping Company, COSCO Shipping сияқты халықаралық контейнер операторлары тартылады. Қазірдің өзінде бұл компаниялармен белгілі бір шарттар пысықталып жатыр. Бұл бізге олардың контейнер паркін тартуға мүмкіндік береді. Бүгінде бізде контейнер тапшы. Сондықтан осы контейнер паркін тарта алсақ, транспорттық-экпорттық мүмкіндіктерімізді арттырар еді", – деді комитет өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу