Каспийде итбалықтармен қатар шаяндар да қырылуда

165

Маңғыстаулықтар Каспий теңізінің жағасында өлі шаяндардың көбейгенін байқаған.

Каспийде итбалықтармен қатар шаяндар да қырылуда Фото: lada.kz

Жергілікті lada.kz басылымы осының алдында итбалықтардың жаппай қырылғанын алға тарта отырып, тұрғындар экологияға алаңдап жатқанын жеткізген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

3 мамырда Ақтау тұрғындары "Солдат" жағажайындағы су төгетін каналдан ондаған өлі шаяндарды байқаған.

Жергілікті азаматтар Каспий теңізі фаунасының жай-күйіне алаңдауда. Теңіздегі тіршілік иелерінің өлекселері кейінгі уақытта жиі шығатын болған. Алайда уәкілетті органдар олардың өлім себептері туралы толық жауап бермей отыр.

Әзірге Маңғыстау облысының балық инспекциясы мен экология департаментінен жауап күтілуде екен. Дегенмен экологтар бұған дейін де теңіз суына тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен сынама жүргізілуге тиіс екенін айтып келген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу