Қазақстан мен Әзербайжан бірлесіп, Каспийде әскери жаттығу бастады

114

Ақтауда Қазақстан мен Әзербайжан Әскери-теңіз күштерінің "Каспий самалы-2025" бірлескен оқу-жаттығуларының салтанатты ашылу рәсімі өтті.  

Қазақстан мен Әзербайжан бірлесіп, Каспийде әскери жаттығу бастады Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Оған екі мемлекеттің қолбасшылығы мен әскери қызметшілері қатысты. Дәстүр бойынша іс-шара әскери оркестрдің мемлекеттік әнұрандарды орындауы мен екі елдің туларын көтеруден басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әскери контингенттерді Қазақстан Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы 1-дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков және Әзербайжан Әскери-теңіз күштері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы І дәрежелі капитан Теймур Муршудов құттықтады.

Бірлескен оқу-жаттығулар теңіз экономикалық қызметі нысандарының, Әскери-теңіз күштері мен кеме қатынасы пунктерінің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

І дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков атап өткендей, оқу-жаттығулар екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуға және кәсіби тәжірибе алмасуға ықпал ететін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу