Каспийде қырылған итбалықтардың саны 100-ден асты

238

Инспекция қызметкерлері тағы 25 өлі итбалық өлекселерін тапты. 

Каспийде қырылған итбалықтардың саны 100-ден асты Фото: ERR

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының қызметкерлері Түпқараған ауданында Каспий теңізінің жағалауына мониторинг жүргізу барысында 78 өлі итбалық ұшасын тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Маңғыстау облысының экология департаменті су сынамаларын алды, Ветеринариялық станция мен гидробиология және экология институтының қызметкерлері ішкі ағзалардың тіндерін (бауыр, өкпе) ішінара іріктеді, ал Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы тиісті зертханалық зерттеулер жүргізу үшін азу, тырнақ және жүн сынамаларын алды. Бүгінгі күні зертханалық зерттеулер жүргізу сатысында", - деп хабарлады Балық шаруашылығы комитеті.

Қолданыстағы өзара іс-қимыл схемасына сәйкес жұмыс тобының барлық мүшелері (жергілікті атқарушы органдар, мамандандырылған ғылыми ұйымдар, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы, Гидробиология және экология институты, қазақстандық Қолданбалы Экология Агенттігі, Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы, облыстың ветеринариялық қызметі, экология және полиция департаменттері, табиғат қорғау прокуратурасы) жедел түрде хабардар етілді.

Инспекция мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен тұратын жұмыс тобы итбалықтар анықталған орынға шықты.

Бүгінгі таңда табылған өлі итбалықтардың жалпы саны-103-ке жетті. Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Каспий теңізінің жағалау аймағының мониторингін жалғастыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу