Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Сейсмология қызметі орталығының хабарлауынша, 29 шілде күні Каспий теңізінде жер сілкінісі болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Магнитудасы 3,0 балл болған зілзала 13 шақырым тереңдікте тіркелген. Жер қыртысының дүмпуі Ақтау қаласынан шамамен 363 шақырым қашықтықта сезілген.
Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендік 40°25′48″, шығыс бойлық 51°36′0″.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу