Маңғыстауда құтқарушылар сәуір айының басында Түпқараған ауданының аумағында теңізде жоғалып кеткен балықшылардың бірінің денесі тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайларды жою басқармасы бастығының міндетін атқарушы Дінмұхаммед Пірімжан іздеу жұмыстары кезінде бір балықшының денесі табылып, іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді.
"20 сәуір күні кешкі сағат 21:00-де Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласынан жиырма шақырым қашықтықта теңіз жағалауынан 400 метр жерден жоғалған азаматтың бірінің денесі жергілікті балықшылардың көмегі арқылы 5 метр терендіктен табылды. Қазіргі уақытта жоғалған екінші балықшыны іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді азаматтық қорғау аға лейтенанты Дінмұхаммед Пірімжан.