Каспийдегі итбалықтардың неден қырылғаны белгілі болды

196

Каспий жағалауынан қазанның 27-сі мен 30-ы аралығында 300-ден аса итбалық өлексесі табылған. Ал осы аптаның басында тағы 121 теңіз жануары өлі табылды. 

Каспийдегі итбалықтардың неден қырылғаны белгілі болды Фото: baimedia.kz

Маңғыстау облысында итбалықтардың қырылуына қатысты жүргізілген зерттеудің алдын ала қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Экологтардың сөзінше, су жануарлары ауру жұқтырған жағдайда олар жаппай бір жерде өлуге тиіс еді. Алайда өлекселер әр жерден табылған. Сондай-ақ қырылған аналық итбалықтардың жартысынан көбі буаз екен. Бұл олардың тіршілікке бейім болғанын көрсетеді.

Қырылған су жануарларын зерттеумен айналысқан Әсел Баймұқанованың айтуынша, итбалықтар күзде көбеюі үшін Солтүстік Каспийге қарай ауысады. Олар теңіздің осы бөлігіне шоғырлану кезінде өлген болса керек.

Алаңдататыны, зерттелген аналықтардың жартысынан көбі буаз болып шықты. Сондай-ақ семіз итбалықтар екені көрініп тұр. Олардың өлімі табиғи емес, кенеттен болғандай. Өлімнің себебі әртүрлі болуы мүмкін: табиғи (жер сілкінісі, табиғи газ шығуы), техногенді (теңіз аймақтарының ластануы), аурулар (эпидемиялар). Егер эпидемия болса, итбалықтар жаппай бір жерде қырылатын еді, – деді Гидробиология және экология институтының экологы Әсел Баймұқанова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу