Каспийдегі қайғылы оқиғамен байланыстырылған видео Мароккода түсірілген болып шықты

328

Әлеуметтік желіде теңіз жағасында отырған әйел бейнеленген видео кеңінен тарады. 

Каспийдегі қайғылы оқиғамен байланыстырылған видео Мароккода түсірілген болып шықты Фото: Бейнежазбадан

Желі қолданушылары кадрдағы әйелді Каспийдегі қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан сарбаздардың бірінің анасы деп жазған. Видео кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында да осы сипатта жарияланған, деп жазады inbusiness.kz сайты nofake.kz порталына сілтеме жасап.

Алайда видео Қазақстанда емес, Марокконың Танжер қаласында түсірілген.

Роликтің түпнұсқа авторы кадрлардың қай жерде түсірілгенін түсіндіріп, видеодағы әйелдің Алжирден келгенін мәлімдеген.

Автордың айтуынша, ол видеоны сынақ ретінде жариялап, кейін ұйықтап қалған. Таңертең оянғанда, роликтің кеңінен таралғанын көрген.

"Видео Мароккода, Танжер қаласында түсірілді. Кадрдағы әйел – Алжирден келген қыз. Видеомның Қазақстан аудиториясына қалай тарап кеткенін өзім де білмеймін. Қазақстандағы жаңалықтардан хабарсыз едім, ол жақта ешқашан болған емеспін. Сарбаздарыңызға қатысты жағдайға қатты қайғырып отырмын. Көңіл айтамын", – деп жазды автор.

Осылайша, әлеуметтік желіде Каспийдегі қайғылы оқиғамен байланыстырылған видеоның Қазақстанға қатысы жоқ екені белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу