Каспийдегі жаңа кен орындары өңделеді

2642

35 ұңғыманы бұрғылау 2030 жылы басталмақ. 

Каспийдегі жаңа кен орындары өңделеді

"Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В." (НКОК) Каспий теңізіндегі Қаламқас-теңіз және Хазар кен орындарын өңдеуге кіріседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Каспийдің қазақстандық бөлігінде орналасқан Қаламқас-теңіз кен орны 2002 жылы ашылды. Ол Қашағаннан оңтүстік-батысқа қарай 120 шақырым қашықта Хазар кен орнына өте жақын орналасқан. Қаламқас-теңізі мен Хазар кен орындарының мұнай қоры 70 миллион тоннаны құрайды", – деп хабарлады НКОК-тың денсаулық, еңбек, қоршаған орта және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі директоры Ермек Марабаев. 

35 ұңғыманы бұрғылау 2030 жылы басталмақ. 

Еске салайық, Қаламқас-теңізінің перспективасы 90-жылдары сейсмикалық барлау жұмыстарының нәтижесінде анықталған еді. Мұнайдың геологиялық қоры 284,5 млн тоннаны, шығару қоры – 50,7 млн тоннаны құрап отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу