Сонымен қатар, магнитудасы 3 бірлік болатын жер сілкінісі болуы мүмкін.
Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясының жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызметтің бас директоры, профессор Гурбан Аширмишли мәлімдеді.
4 шілдеге қараған түні сезілген жер сілкіністерінің ұзақтығы 10 секундтан аз болды, Әзірбайжан аумағында ешқандай қирау тіркелген жоқ. Ол әлсіз дүмпулер тіркеліп жатқанын және бұл табиғи нәрсе екенін атап өтті.
"Жер сілкінісі, энергия шығу орын алады, өйткені серпіліс күшті болды. Алайда, 5,5 баллдық жер сілкінісінің қайталану мүмкіндігі жоқ. Сонымен қатар, магнитудасы 3 бірлік болатын жер сілкінісі болуы ықтимал. Оның сезілмеуі де мүмкін, өйткені жер сілкінісінің ошағы 65 км тереңдікте жатыр", - дейді Гурбан Аширмишли.
Айта кетейік, кеше Ақтау қаласының тұрғындары 3 балдық жер сілкінісін сезді. Бұл Каспий теңізінде болған жер сілкінісі екені айтылды.