Каспийден алыс аумақтағы мұнай қорын барлау қажет

840

Каспийден алыс аумақтағы мұнай қорын барлауға инвестор тартып, мемлекеттік қолдау көрсету қажет.  

Каспийден алыс аумақтағы мұнай қорын барлау қажет

Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Вице-министрдің мәлімдеуінше, елімізде өндірілетін мұнай мен газдың барлық көлемі 5 бассейнде игеріледі. Оның ішінде Каспий маңының үлесі зор.

"Барлық ресурстық базаның шамамен 80%-ы Каспий маңына тиесілі. Солтүстік Торғай, Ертіс өңірі, Арал, Сырдария, Шу-Сарысу бассейндерінің де әлеуеті мықты саналады. Бірақ бұл бассейндер аз зерттелген", – деді Серікқали Брекешев.

Оның сөзінше, Каспийден алыс аумақтағы мұнай қорын барлауға инвестор тартып, мемлекеттік қолдау көрсету қажет.

"Аталған кеніштерді зерттеуге қызығушылық танытушылардың алғашқы легімен келіссөз басталып кетті. Осыған байланысты ынтымақтастық туралы 2 меморандум жасалды. Біздің министрлік, "Қазгеология" және "ҚазМұнайГаз" АҚ ел аумағының геологиялық зерттелуін арттыру және аз зерттелген шөгінді бассейндерді игеру бойынша келісімге келді. "Аджип Каспиан Си Б.В" компаниясымен де осындай үшжақты меморандум бекітілді", – деді министрдің орынбасары.

Оның айтуынша, инвестор жер қойнауына геологиялық зерттеу жүргізе алатындай айрықша құқық алады. Бұл тәсіл инвестициялардың неғұрлым жоғары құқықтық қорғалуын және тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу