Каспийден балықты заңсыз аулаған браконьерлерге 3,1 млн теңге айыппұл салынды

530

Шекара қызметі табиғат қорғау органдарымен бірлескен іс-қимыл аясында сәуір айынан бастап ведомствоаралық кең ауқымды "Бекіре" акциясына қатысуда. 

Каспийден балықты заңсыз аулаған браконьерлерге 3,1 млн теңге айыппұл салынды

Аталған кезеңде қазақстандық шекарашылар Каспий теңізінің акваториясында 128 құқық бұзушыны ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ 308 км астам браконьерлік кәсіпшілік құралдары (торлар) алынған.

"Теңізге бекіре тұқымдас балықтардың 702 данасы және 2 132 ұсақ бөлшектік түрлері шығарылды, 3,1 млн теңгеге айыппұл салынды, алдын алынған залалдың мөлшері 1,1 млрд теңгеден астам соманы құрады", – деп жазылған хабарламада.

Бірлескен іс-шаралар жалғасуда.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу