Каспийден жаһұтқа ұқсас мұздақ табылды

1082

Каспийден жаһұтқа ұқсас мұздақ табылды

LandSat-8 жер серігі  Каспий теңізінен жаһұтқа ұқсайтын мұздақты түсіріп алған. Ол теңіздің жұқа мұзының ортасында жатыр. Сурет NASA  зертханасының сайтында жарияланды, деп хабарлайды "Gazeta.ru".

Хабарламада айтылғандай,  Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің суы тым ащы емес әрі таяз. Ол суық температураның әсерінен қысқы маусымда қатып жатады.  Теңіздің ең таяз тұсы бәрінен де қалың боп қатады.  Ал аталған "жаһұт" болса теңіз мұзынан бөлініп, қалқып жүргендей әсер қалдырған.

Шын мәнінде, мұздақ теңіз түбіне жабысып жатыр, дейді француздық зерттеулер орталығының өкілі, теңізтанушы Алексей Кураев. Оның жүзіп жүргендей  әсер қалдыратын себебі –  жұқа мұз желдің әсерінен мұздақты жан-жағынан көмкеріп жатқандығында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу