"Жүргізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша шекарашылар Қазақстан Республикасының теңіз кеңістігінде 246 түрлі құқық бұзушыны ұстап, 24 жүзу құралын алды. 179 шақырымнан астам тор мен ілмек, 533 бекіре (3 600 кг), 4 006 ұсақ тұқымды балық (5 400 кг), үш итбалық тәркіленді", – делінген бейсенбіде таратылған баспасөз қызметінің хабарламасында.
Каспий теңізі акваториясында браконьерлік қызметтің жолын кесуге және биологиялық әртүрлілікті сақтауға бағытталған практикалық іс-шаралар кешенді жүргізіледі.
"Бұзушыларлың табыстары 1 млрд теңгеден асқан. Тәртіп бұзушыларға 2 млн теңгеден астам айып салынды", – делінген хабарламада.