Каспийдің қазақстандық жағалауында бір жылдан кейін тағы бір туристік кешен пайда болады

792

Нысан құрылысының алғашқы кезеңі 16 гектар жерге салынады.

Каспийдің қазақстандық жағалауында бір жылдан кейін тағы  бір туристік кешен пайда болады

Премьер-министр Асқар Мамин Маңғыстау облысына барған жұмыс сапарында Каспий жағалауында салынатын туристік кешеннің алғашқы тасын қалау салтанатына қатысты, деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".
"Жылы жағажай" курортық аймағы жобасын таныстыру барысында Sembol Construction құрылыс салушы-компания президенті Феттах Таминджи компания құрылыс жұмыстарын бір жылда аяқтауды жоспарлап отырғанын айтты.
"Нысан құрылысының алғашқы кезеңі 16 гектар жерге салынады. Ол 600 адамға арналған қонақүй кешені болады. Ол жерде жылытылатын бассейн, балалар аквапаркі, футбол алаңы, конгресс-орталық, казино, тұрақ, мейрамханалар, теннис корты, жеке виллалар, демалыс аумақтары болады. Осы жобаның арқасында Маңғыстау облысы жандана түседі. Нысан туристер үшін тартымды болатынына сенімдімін", – деді компания президенті.
Облыстық туризм  басқармасының мәліметі бойынша, 2025 жылға дейін бұл жерде 35 қонақүй кешені тұрғызылады.
"Тек биылғы жылдың өзінде екі кешеннің құрылысы басталды. 2020 жылы жеті кешен салынады. Аталған жоспарларды іске асыру барысында туристік ағынды 2023 жылға қарай 419 мың туристке дейін арттыру жоспарланып отыр", –  деп атап кетті басқармадағылар.
2025 жылдан бастап өңірдегі туризмді дамытуға 60 млрд теңге жеке инвестицияны тарту көзделіп отыр, ал 2030 жылдан бастап қаржыландыруды 105 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарда бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу