Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылды

964

Құжатты Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Иран және Түркіменстан президенттері бекітті. 

Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылды

Бүгін Каспий маңы мемлекеттерінің бесінші саммитінде бес елдің басшысы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Атап айтқанда, құжат бірқатар ережелерді қамтиды. Құжатты Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Иран және Түркіменстан президенттері бекітті.

"Барлықтарыңызды маңызды құжатқа қол қойылуымен құттықтаймын. Біз әріптестерімізбен бірге Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін реттеу бойынша көп жылдық жұмыстың қорытындысын жасадық", – деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Осы орайда Елбасы бес мемлекет те теңіздің құқықтық режимін айқындауға күш-жігер салғанын қадап айтты.

"Конвенцияны даярлау процесінде барлық елдер саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, Каспий өңірін дамыту, оның табиғи байлығын сақтау сияқты мүддені ұстанды. Конвенция – Каспий теңізінің Конституциясы іспетті. Ол теңіз маңы елдерінің құқықтары мен міндеттемелеріне қатысты мәселелердің барлық кешенін реттеуге негізделген. Сондай-ақ, құжат жалпы өңір қауіпсіздігінің, тұрақтылығының және гүлденуінің кепілгері болуға арналған", – деп нақтылады президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу