Каспийдің солтүстік бөлігінен балық аулауға болмайды

992

Оған 15 наурызға дейін тыйым салынды. 

Каспийдің солтүстік бөлігінен балық аулауға болмайды

Маңғыстау облысында Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде балық аулауға тиым салынатыны жария етілді. Заң бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ, деп жазды  inbusiness.kz  тілшісі.

"2021 жылдың 15 қарашасынан 2022 жылдың 15 наурызына дейін Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде балық аулаудың барлық түріне, соның ішінде кәсіпшілік үшін және әуесқой түрлеріне де тиым салынады", – деп хабарлайды Маңғыстау облысы балық инспекциясы басқармасынан.

Белгілі болғандай, аталған шара Каспий теңізінің Түпқараған мүйісінен Атырау облысына дейінгі аумақта қолданылады. Бұл жер ерекше қорғалатын аймақ саналады. Жыл сайын осы мезгілде тұрақты түрде жарияланатын шектеу тек Маңғыстау облысына қатысты. 

Айта кетейік, тыйым салу тәртібін бұзғандар ҚР Әкімшілік кодексінің 383-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Әзірге, инспекторлар қандай да бір браконьерлік әрекеттің анықталмағанын айтады. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу