Каспийдің үсті ортақ, ал асты бөліске түседі

871

Қазақстан, Ресей, Түркіменстан, Әзірбайжан және Иранның президенттері арада 22 жыл дегенде әзер тұжырымдалған конвенцияны бекітті.

Каспийдің үсті ортақ, ал асты бөліске түседі

Каспийдің үсті ортақ, ал асты бөліске түседі. Ақтауда өткен Каспий маңы елдерінің 5-ші саммитінде әлемдегі ең ірі жабық су қоймасына осындай құқықтық мәртебе берілді. Бұдан бөлек, 5 мемлекеттің, яғни Қазақстан, Ресей, Түркіменстан, Әзірбайжан және Иранның президенттері арада 22 жыл дегенде әзер тұжырымдалған конвенция бекітіп, негізгі 6 бағыт бойынша келісімдер жасады. Яғни, бестік енді қауіпсіздік, экология және акватория биоресурсын сақтау бойынша бірлескен жұмыстар жүргізуге тиіс. Ал шикізатты игеруде халықараларық келісімдерге сүйенуі шарт. 
Каспий маңы елдері жағалауының ең көп бөлігі Қазақстанға тиесілі.  Яғни, жалпы аумағы 2320 шақырым немесе 29%-ын құрайды. Түркіменстан — 21%, Әзірбайжан — 20, Ресей — 16%, Иран — 14%. Каспийдің жалпы ауданы 390 шаршы шақырым болса, тереңдігі 1025 шақырым. Мұнай-газ қоры - 15 млрд тоннаға жуық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу