Атырау бекіре шабақтарын өсіретін зауыт Каспий теңізіне бекіре тұқымдастарына жататын 37 шоқыр балығын жіберді, деп хабарлайды 24.kz.
Бұл балық осы көктемде Жайық-Каспий бассейнінен бекіре шабақтарын өсіру зауыттары үшін ауланған болатын. Балық мамандары олардан сауу тәсілімен уылдырық пен тұқым алып, енді еркіндікке жіберіп отыр. Балықтар Каспий теңізіне арнайы жасақталған кемелермен жеткізілді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда бекіре тұқымдас балықтарды аулауға мүлде тиым салынған. Оларды тек қана Атыраудағы арнайы екі зауытта тұқым алу үшін аулауға ғана рұқсат бар. Мұнда жыл сайын 7 миллион бекіре шабақтары өсіріліп, табиғи ортаға жіберіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу