Каспийге экспедицияға келіп жоғалып кеткен ғалым табылды

111

Ресейлік ғалымды іздеу жұмыстарына шекаралық кеме мен екі қайық жұмылдырылған.  

Каспийге экспедицияға келіп жоғалып кеткен ғалым табылды Фото: astrakhan-news.net

76 жастағы ғалым-океанолог Бухарицин Укатный аралына экспедиция құрамында келген. Жергілікті құстарды суретке түсіру үшін фотоаппаратын алып, топтан абайсызда ажырап қалған екен.

Орыс географиялық қоғамының Астрахань облысы бойынша бөлімшесінің басшысы Петр Бухарицин Каспий теңізінің солтүстігіндегі адам тұрмайтын құмды Укатный аралына экспедиция кезінде жоғалып, бес күннен соң табылды, деп жазады inbusiness.kz сайты ТАСС-қа сілтеме жасап.

Бірнеше күн бұрын Қазақстан мен Ресей шекарасының тұсында, Каспий теңізіндегі аралдан дін аман табылды. Шекарашылар, флот қызметкерлері, еріктілер оны 5 күнде іздеп тапты. Ол аралдағы қамыс арасына кіріп, адасып кеткенін айтады. Бес күнде қолына түскен шөп-шаламмен қоректеніп, азып-тозса да, аман қалған.

Бухарицын 76 жаста, океанограф, география ғылымдарының докторы, Ресей Ғылым академиясының Су проблемалары институтының жетекші ғылыми қызметкері, Астрахань экспедициялық базасының бастығы, Каспий флотилиясының жетекші мұхитографы, Экология және тіршілік қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық ғылым академиясының академигі, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу