Каспий жағалауына туған күнін тойлауға кетіп, жоғалған жігіт әлі іздестіріліп жатыр

563

Оған Төтенше жағдайлар министрлігі, Әскери-теңіз күштері мен ҰҚК Шекара қызметінің бөлімшелері жұмылдырылды.

Каспий жағалауына туған күнін тойлауға кетіп, жоғалған жігіт әлі іздестіріліп жатыр Фото: lada.kz

Каспий теңізінде жоғалып кеткен 18 жастағы жігітті іздестіру-құтқару жұмыстары екінші күнге ұласты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, іздестіру жұмыстары Каспий теңізінің акваториясында жүргізілуде. Құтқару операциясына Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерімен қатар, Әскери-теңіз күштері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қызметкерлері және өзге де күштік құрылымдардың мамандары жұмылдырылған.

– Жалпы іздестіру-құтқару жұмыстарына 53 адам, 6 техника және 8 ұшқышсыз ұшу аппараты тартылған. Қазіргі уақытта жоғалған азаматты іздеу жұмысы жалғасып жатыр, – деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу