Каспий Құбыр Консорциумы мұнай құбырының негізгі торабын жаңартты

226

2025 жылдың 23 мамырында Каспий Құбыр Консорциумының (КҚК) мұнай құбыры жүйесі 72 сағаттық жоспарлы тоқтаудан кейін қайта іске қосылды.  

Каспий Құбыр Консорциумы мұнай құбырының негізгі торабын жаңартты Фото: eurasianet.org

Осы уақыт ішінде мұнай құбыры, мұнай айдау станциялары мен "Теңіз" терминалында техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Жұмыстар механикалық-технологиялық, энергетикалық және электр жабдықтары, өлшеу құралдары, автоматика мен басқару жүйелері бойынша атқарылды. Сондай-ақ, тек жабдық тоқтаған кезде ғана жүзеге асырылатын ағымдағы және күрделі жөндеу жобалары іске асырылды.

"Атырау" мұнай айдау станциясында мұнай көлемі мен сапасын өлшеу жүйесін жаңарту жұмыстары жүргізілді.

204 шақырымдағы мұнай құбырында тазарту және диагностика камерасы орнатылды, сондай-ақ шар краны ауыстырылды. Атырау облысының құбыр желісінде үш жөндеу құрылымы орнатылып, тағы 3 учаскеде тегістеу әдісімен жөндеу жүргізілді.

Теңіз терминалында, Новороссийск маңында дәстүрлі түрде ауқымды жұмыстар атқарылды. Бұл ретте қысым реттеу торабы мен қысымды тұрақтандыру жүйесін салу шеңберінде басқару жүйесі мен SCADA платформасы бойынша интеграциялық сынақтар өткізілді.

Айта кету керек, жоспарлы тоқтату жылына 2 реттен аспайды. КҚК алдын ала мерзімін жоспарлап, барлық жүк жөнелтушілермен келіседі. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бұл ақпаратты Теңіз-Новороссийск мұнай құбыры бойынша жылдық тасымал кестесін қалыптастыруда ескереді.

Қазіргі уақытта Теңіз терминалында мұнай тиеу жұмыстары қалыпты режимде қайта басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу