Касса мен сөредегі баға әртүрлі болса тұтынушы қайда жүгіне алады?

293

Өнімді баға белгісінсіз сатуға болмайды.

Касса мен сөредегі баға әртүрлі болса тұтынушы қайда жүгіне алады? Фото: Inbusiness.kz

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Нұрсұлу Әубәкірова аталған заңбұзушылық бойынша жүзден астам тексеріс жүргізгендерін мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.

"Өнімді баға белгісінсіз сатуға болмайды. Тұтынушы тауарды көрсетілген баға бойынша сатып алуға құқылы. Бұл сатып алушылардың өнім, жұмыс немесе қызмет туралы, сондай-ақ сатушы, өндіруші немесе орындаушы туралы толық, сенімді және уақтылы ақпарат алу құқығын реттейтін "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңында жазылған", дейді Нұрсұлу Әубәкірова.

Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті жыл басынан бері 923 өтінішті қарады. Өткен жылы бұл статистика 804 өтінішті құраған болатын. Өтініштерді қарастыру нәтижесінде осы уақыт аралығында 24 миллион теңгеден астам сома қайтарылды. Сондай-ақ, департамент жоспардан тыс 104 тексеріс жүргізді.

Сатып алушылар құқықтарының бұзылуы туралы шағыммен Генерал Дүйсенов көшесі, 9 мекенжайы бойынша 304-бөлмеде орналасқан сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне немесе 55 10 70 сенім телефоны арқылы хабарласа алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу