"Kassa Nova Банк" АҚ ForteBank-тің еншілесі болады

1045

"ForteBank" АҚ "Kassa Nova Банк" АҚ-ның акцияларын 100% сатып алуға қатысты келісімді аяқтады.

"Kassa Nova Банк" АҚ ForteBank-тің еншілесі болады

"Kassa Nova Банк" АҚ толыққанды еншілес банк ретінде жұмыс істеп, салымшылар, несие алушылар мен инвесторлар алдындағы өз міндеттемелерін орындайтын болады, деп хабарлады ForteBank баспасөз қызметі.

ForteBank-тың басты акционері танымал қазақстандық бизнесмен –Болат Өтемұратов. Сонмен қатар Болат Өтемұратов бұған дейін Kassa Nova банкке иелік еткен "Nova Лизинг" АҚ-ның да иесі.

Ұлттық банк мәліметі бойынша, ForteBank және Kassa Nova банк 2019 жылдың I тоқсанында активтер көлемі бойынша еліміздегі 28 банктің ішінен 4-ші және 21-орынға ие болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу