Кассациялық сот астыртын зертхана ұйымдастырған 2 сотталушының жазасын қатаңдатты

599

Арнайы орында жабдықтар, таразылар, қаптамалар мен нұсқаулар болған. Ал дайындалған заттың жалпы салмағы шамамен 3,9 келі.

Кассациялық сот астыртын зертхана ұйымдастырған 2 сотталушының жазасын қатаңдатты Фото: uapz.kz

Қылмысты топ мүшелері сату мақсатында алдын ала сөз байласу арқылы жасаған. Екі қатысушы да кінәлі деп танылып, біреуі 8 жылға, екіншісі – 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жаза мөлшері 297-баптың жаңа редакциясының санкциясы бойынша айқындалды, онда дайындау көзделмеген, өйткені 2025 жылдың басында есірткі мен олардың аналогтарын сату мақсатында дайындау жеке 297-1-бапқа бөлінген.

Сонымен қатар, егер жаңа заң сотталған адамның жағдайын жақсартпаса және жазаны мәні бойынша өзгертпесе, ол қолданылмайды және адам қылмыс жасалған кезде қолданыста болған заң бойынша сотталады.

Осыған байланысты жаза Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша қылмыс жасалған кезде қолданыста болған, 10-нан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде психотроптық заттардың аналогтарын жасағаны үшін жауаптылықты көздейтін редакцияда тағайындалуы тиіс болатын.

Бас прокуратураның наразылығы бойынша іс кассациялық тәртіпте қайта қаралды.

Кассациялық сот сот актілерін өзгертіп, жаза мерзімін ұзартты: біреуіне 10 жыл 6 ай, екіншісіне – 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу