Кассалық аппараттың орнына қолдануға болатын мобильдік қосымша жасалды

1585

BeInTech бас директоры Бағдат Мусин 2019 жылы кәсіпкерлердің бас ауыруына айналған кассалық аппарат мәселесін шешетін тегін мобильдік қосымша жасалғанын айтты. 

Кассалық аппараттың орнына қолдануға болатын мобильдік қосымша жасалды

"Заң бойынша кәсіпкерлардің барлығында салық төлемі бойынша онлайн-деректер жіберіп отыратын кассалық аппарат болуы міндетті. Осы мәселені шешу үшін біз "reKASSA" жобасын – ұялы телефондағы кассалық аппаратты іске қостық. Қосымша ТЕГІН,  әрқашан тегін болады",- дейді Бағдат Мусин өзінің Фейсбуктегі парақшасында.

Жобаның мақсаты - ең шағын кәсіпкердің негізгі қажеттіліктерін жабу екендігін айтқан кәсіпкер "Қосымшада сатып алушыға чектерді мессенджерлер, пошта, SMS арқылы (электронды чектердің қағаздағыдай күші бар) жіберуге немесе принтер арқылы басып шығаруға болады",- дейді.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу