Кассалық-бақылау машиналары жас кәсіпкерлерге қаншалықты тиімді

1007

Шағын және орта бизнес өкілдерінің ақпараттарды тіркеу функциясы бар кассалық-бақылау машиналарға көшуі мен олар үшін электронды есеп фактурасын беру қаншалықты тиімді екені талқыланды.

Кассалық-бақылау машиналары жас кәсіпкерлерге қаншалықты тиімді

"Атамекен" алаңында  шағын және орта бизнес өкілдерінің  ақпараттарды тіркеу функциясы бар кассалық-бақылау машиналарға көшу және электронды есеп фактурасын беру барысындағы мәселелері талқыланды.  

"Жеңілдетілген жүйе бойынша төлемдерге қоса төленетін әлеуметтік төлемдер, тағы да басқа төлемдердің барлығын бір ғана төлемге сидырған дұрыс. Міндетті электронды есеп фактрурасы бойынша жұмыс істеу кәсіпкерлерге тиімсіз. Яғни, шағын дүкені бар кәсіпкер күні бойы сауда жасап, сатылған тауарларын ЭЕФ беріп отыра алмайды. Сәйкесінше ол бухгалтер қызметіне жүгінетін болады. Осылайша біз кәсіпкерлер есебінен үшінші тұлғалардың күн көруіне жол ашамыз",– деді "Қазақстанның тәуелсіз автосауда Одағы" өкілі Жаркенов Тимур жиында.

Расында да, кәсібін жаңа бастаған жас кәсіпкерге касса аппаратын алу, ЭЕФ қолданысқа енгізетін болса компьютер алу тиімсіз. Ал, бұл жағдайды шешуге ыңғайластырған мобильді қосымшаны пайдаланғанның өзінде оның чегін шығарып беру үшін кәсіпкерге принтер алу керек екен.

"Атамекен" ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев талқыға салатын осы және өзге мәселелерді атап өтті. Алда жауапты мекеме өкілдерімен бірлесіп, қордаланған мәселелер шешілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу