Қастеев атындағы ұлттық музей 994 миллион теңгеге жөнделді

357

Мәдени нысанды жаңғыртуға "Самұрық-Қазына" АҚ демеушілік етті.  

Қастеев атындағы ұлттық музей 994 миллион теңгеге жөнделді Фото: t.me/samrukkazynaofficial

90 жылдық тарихы бар Әбілхан Қастеев атындағы музейде ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа экспозиция ұсынылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңарту жұмыстары 993,7 млн теңге бөлген "Самұрық-Қазына" АҚ қолдауымен жүзеге асырылды.

"Самұрық-Қазына" АҚ басшысы Нұрлан Жақыпов музейді аралап көрді. 2025 жылы мамырда басталған жұмыстар аясында жалпы аумағы 5,5 мың шаршы метр шатыр толық ауыстырылып, барлық залдар жөндеуден өтті.

Су жаңа паркет төселіп, есіктер қалпына келтіріліп, қабырғалар әрленді. Сондай-ақ, инженерлік желілер жаңартылған.

"Бұл – тарихымызды сақтауға, ұлттық мәдениетті насихаттауға және болашақ ұрпақтың құндылықтарын қалыптастыруға қосқан үлесіміз", – деді "Самұрық-Қазына" АҚ басшысы Нұрлан Жақыпов.

Ресми бөлімнен кейін музейдің тұсаукесері өтіп, екінші қабаттағы жаңа экспозиция бойынша шолу туры ұйымдастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу