Президент Нұр-Сұлтан қаласындағы №115 сайлау учаскесінде дауыс берді.
"Бүгін ерекше тарихи күн. Меніңше, әрбір сайлау, әсіресе президент сайлауы шайқас алаңы болғанымен, қарсыласу үшін себеп бола алмайды. Бұл бағдарламалар мен пікірлер жарысы. Халқымыз елімізде өтетін саяси шараларға атүсті қараған емес. Қазақстан халқы бұл жолы да азаматтық белсенділік танытып, мемлекеттің жарқын болашағы үшін дауыс береді деп сенемін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске сала кетейік, бұған дейін президенттікке үміткерлер Жамбыл Ахметбеков пен Амангелді Таспихов өз таңдауын жасаған болатын.
Фархат Әміренов
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу