Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда Жолдау жасайды

1375

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына Жолдау жасайды деп жоспарланып отыр, деп хабарлады Президенттің баспасөз хатшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда Жолдау жасайды

"Президенттің бұл Жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтылмақ. Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00-де республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі. Сондай-ақ "БОРТ N1" тelegram-каналы жиыннан жедел хабар таратады", – деп жазылған Берік Уәлидің әлеуметтік желідегі хабарламасында.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу