Қасым-Жомарт Тоқаев: 20 миллион халыққа 740 мың мүгедек көп

Президент пікірінше, елімізде түрлі аймақтық қақтығысқа қатысқан "ардагерлер" саны күрт көбейіп, тіпті жасарып бара жатыр. 

Қасым-Жомарт Тоқаев: 20 миллион халыққа 740 мың мүгедек көп Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы "Түркістан" газетіне берген сұхбатында масылдық пен алаяқтыққа жол беріліп жатқанын қатаң сынға алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Кеңес заманындағы түрлі аймақтық қақтығыстарға қатысқан "ардагерлер" әлі күнге дейін әлеуметтік жеңілдіктерді пайдаланып келеді. Мен халыққа Жолдауымда Кеңес Одағының күйрегеніне отыз жылдан астам уақыт өтсе де, "ардагерлер" күн өткен сайын көбейіп, неге екені белгісіз, жасарып бара жатқанын айттым.

Тағы бір мысал. Статистикаға қарасақ, Қазақстанда 740 мыңнан астам мүгедек адам бар екен. Еліміздің ешқандай қарулы қақтығысқа қатыспайтынын ескерсек, 20 миллион халқы бар мемлекет үшін мұның көптеу екеніне келісетін шығарсыз. Кезінде жауапты мекеме қызметкерлері мемлекеттен көмек алу үшін туыстарын, мәселен, гипертония диагнозы қойылған жақындарын мүгедектер қатарына қосып жаза салғаны анықталып отыр. Мұндай заңсыз әрекеттер аз емес. Сондықтан, Үкімет пен құқық қорғау органдарына осы салада тәртіп орнатуды тапсырдым, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу