Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қараша күні Ресей Федерациясына ресми сапармен барады

638

Мемлекет басшысы Мәскеуде Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қараша күні Ресей Федерациясына ресми сапармен барады Фото: express-k.kz

Сондай-ақ екі ел басшылары Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына бейнебайланыс режимінде қатысады. 

Сонымен қатар, 29-30 қараша күндері Қазақстан Президенті Францияға ресми сапармен барады. Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде Франция Президенті Эмманюэль Макронмен келіссөз жүргізеді деп жоспарланып отыр. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланады. Мемлекет басшысы Францияның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу