Мемлекет басшысы 69 жасқа толды.
Алайда Қасым-Жомарт Тоқаев туған күн тойлағанды ұнатпайды. Бұл туралы Президенттің экс-баспасөз хатшысы Берік Уәли айтқан еді.
"Президенттің жанұясында ешкім атаулы күнді тойламайды", – деді Берік Уәли.
Айта кетейік, ол 1953 жылы 17 мамырда Алматы қаласында туған. Әкесі – Кемел Тоқайұлы Тоқаев Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі жазушы, қазақ әдебиетінің детективті-шытырман оқиғалы жанрының негізін қалаушы.
Анасы – Тұрар Шабарбаева Алматы шет тілдері педагогикалық институтында еңбек еткен.
Қасым-Жомарт Тоқаев 1975 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институт бітірген.
КСРО-ның Қытай Халық Республикасындағы елшілігінде диплом алдындағы тағылымдамадан өткен.
1983-1984 жылдар аралығында Бейжің лингвистика институтында тағылымдамадан өтті.
1992 жылы РФ Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясын бітірді.
Еңбек жолын 1975 жылы КСРО-ның Сыртқы істер министрлігінде бастап, Кеңес Одағының Сингапурдағы елшілігінде жұмыс істеді.
Халықаралық қатынастар мәселелеріне арналған 10 кітаптың авторы. Қазақстан және шет елдердің көптеген мемлекеттік наградасымен, сондай-ақ медальдармен марапатталған.