Қазақстан Президенті көрнекті жазушының ұлттық әдебиетіміздің әлемдік деңгейге көтерілуіне қосқан елеулі үлесіне тоқталып, қазақ әдебиетінің абызын 95 жылдық мерейтойы қарсаңында еліміздегі жоғары наградамен марапаттағанын атап өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
"Сіз халқымызға керексіз. Сондықтан сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық табыс, бақ-береке тілеймін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Әбдіжәміл Нұрпейісов Мемлекет басшысына алғыс айтып, Тәуелсіз Қазақстанды өркендету жолындағы жұмысына табыс тіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу