Қасым-Жомарт Тоқаев Абу-Дабидің мұрагер ханзадасымен кездесті

898

Қазақстан мен БАӘ арасында біріккен 350 кәсіпорын құрылған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Абу-Дабидің мұрагер ханзадасымен кездесті

Нұр-Сұлтан мен Әбу-Даби ашық әрі мазмұды диалог орната білді. Бұл туралы Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесу барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Келесі жылы Бірікке Араб Әмірліктерінің құрылғанына 50 жыл толады. Ал біз Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтеміз. Бұл – Қазақстан үшін өте маңызды әрі тарихи оқиға", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 28 жылдың ішінде Нұр-Сұлтан мен Әбу-Даби ынтымақтастықты бекемдей отырып, ашық әрі мазмұды диалог орнатқанын мәлім етті.

"Біздің сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығымыз белсенді түрде нығайып келеді. Қос елдің кәсіпкерлері белсенді түрде серіктесе жұмыс атқаруда. Бүгінге дейін біріккен 350 кәсіпорын құрылған. Нұр-Сұлтан қаласында салынып жатқан Әбу-Даби Плаза – осы сөзімнің жарқын мысалы бола алады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетсек, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу