Сондықтан да, аса ауыр санаттағы қылмыстар саны айтарлықтай кеміген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Президент Америка басшысымен сөйлескенін, оның да қылмыс пен тәртіпсіздіктің алдын алуға жұмыс істеп жатқанын айтып өтті.
– Қазақстан қауіпсіз ел ретінде қалыптасуда. Қоғамда "Заң мен тәртіп" қағидаты орнығып жатыр.
Екі күн бұрын АҚШ Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы әңгімелестім, ол да заң мен тәртіп саясатын жүзеге асыруда, "қылмысқа, тәртіпсіздікке жол бермейміз" деді.
Осындай саясаттың нәтижесінде соңғы 5 жылда елімізде аса ауыр қылмыстар едәуір азайды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғалары бойынша көрсеткіштер де төмендеді, – деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін "Алдағы жыл шын мәнінде үлкен бетбұрыс жылы болады" деп мәлімдеген еді.