Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев іссапармен Ақтауға барды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы хабарлады.
"Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ақтау қаласына келді. Сапар барысында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап көру, теңіз сауда портының жұмысымен танысу, сондай-ақ, Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесу жоспарланып отыр", – деп жазды Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу