Қасым-Жомарт Тоқаев ақын Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған концертті тамашалады

483

Мемлекет басшысы Франц Кафка атындағы халықаралық Алтын медаль сыйлығының лауреаты, қазақ руханиятының аса көрнекті өкілі, белгілі ақын Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған кешке барды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев ақын Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған концертті тамашалады Фото: inbusiness.kz

Концертте қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен ақынның "Айналдым сенен, Атамекен-ай", "Сәлем саған, туған ел", "Аяулым", "Домбыра туралы баллада", "Өкінбе сен", "Өмір-өзен", "Сағындым сағым жылдар", "Дос керек", "Сарыарқа" және тағы басқа өлеңдеріне жазылған, халық сүйіспеншілігіне бөленген әндер орындалды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу