Ғалымдар мен студенттер Мемлекет басшысына нейроғылым, денсаулық сақтау, туризм, агрохимия, құрылыс технологиясы, жасанды интеллект және биотехнология салаларындағы өздерінің ғылыми-инновациялық жобаларының мүмкіндіктері туралы айтты.
Президентке университеттің инфрақұрылымын кеңейту жоспары жөнінде мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа жоспарланған құрылыс нысандарының жобасы және жаңғыртылған оқу корпустары, жатақханалар мен қызметтік тұрғын үй таныстырылды.
Іс-шара соңында Қасым-Жомарт Тоқаев жас оқытушылармен, ғалымдармен және студенттермен, соның ішінде шетелдіктермен әңгімелесті.
Студенттер жастарға ерекше көңіл бөлетіні үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, еліміздегі ауқымды реформаларды қолдайтынын жеткізді.