Қасым-Жомарт Тоқаев Алакөлдің туристік тартымдылығын жақсартуды тапсырды

961

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының жұртшылығымен кездесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алакөлдің туристік тартымдылығын жақсартуды тапсырды

Қазақстан Президенті жедел шешім қабылдауды қажет ететін мәселелерге назар аударды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі..

Соның бірі – Жетісудың туристік индустриясын дамыту.

"Өңір еліміз үшін туризм орталығы ретінде кеңінен танылды. Бұл жерде туристерді тартатын негізгі орын – емдік қасиетімен аты шыққан Алакөл көлі. Өткен жылы ғана 2 миллион адам демалып, туристер саны 20 пайызға өскен. Алайда қызмет көрсету деңгейі, көліктік, қонақ үй инфрақұрылымы сын көтермейді. Үкіметке әкімдікпен бірлесіп, шипажай аймағының инфрақұрылымын жақсарту үшін кешенді шаралар қабылдауды тапсырамын", – Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті аймақтың көлік-логистикалық әлеуетіне ерекше тоқталып, жергілікті жолдардың сапасын арттырудың маңызды екенін атап өтті.

"Алматы облысы – стратегиялық аймақ. Еліміздің маңызды көлік торабы мен логистикалық орталығы болу үшін облыстың әлеуеті жеткілікті. "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" автомобиль магистралі құрылысының аяқталуына байланысты Алматы облысы Азия мен Еуропаның арасын жалғайтын көлік қозғалысы үшін қақпаға айналды. Сонымен қатар, облыс жолдарының 22 пайызы сын көтермейтін болғандықтан, бұл өзекті мәселе болып отыр. Облыс әкіміне аталған мәселемен жүйелі түрде айналысып, тозығы жеткен жолдарды біртіндеп қалпына келтірудің 2025 жылға дейінгі жоспарын әзірлеуді тапсырамы"н, – деді Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу