Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы туған күнімен құттықтады

693

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы туған күнімен құттықтады

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Беларусь қарым-қатынасының негізгі аспектілерін талқылады.

Президенттер екі ел арасындағы сауда-экономикалық дамудың оң динамикасын атап өтті.

Екі ел басшылары халықаралық және аймақтық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша да пікір алмасты. Қазақстан мен Беларусь Республикасының Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық құрылымдар аясында өзара ынтымақтастығына ерекше назар аударылды.

Әңгіме соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы туған күнімен құттықтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу