Қасым-Жомарт Тоқаев: Алматы облысын екіге бөлуді ұсынамын

1903

Бұл өңірде Жетісу және Алматы облыстары құрылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Алматы облысын екіге бөлуді ұсынамын

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына Жолдау жолдады. Онда Мемлекет басшысы Алматы облысын екіге бөлуді ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Алматы агломерациясына қатысты түйткілдер көп. Осы және басқа да жайттарды ескере отырып, Алматы облысын екіге бөлуді ұсынамын. Бұл өңірде Жетісу және Алматы облыстары құрылады. Алматы облысының орталығы Қапшағайда болуы керек. Ал Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда орналасады", – Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін Президент бұрынғы Семей облысы "Абай облысы" болып қайта құрылатынын мәлімдеді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу