Қасым-Жомарт Тоқаев Анкарада қонақжайлық танытқаны үшін Ердоғанға шынайы ризашылығын білдірді

161

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға ресми сапары кезінде қонақжайлық танытқаны үшін Президент Режеп Тайип Ердоғанға шынайы ризашылығын білдіріп, хат жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Анкарада қонақжайлық танытқаны үшін Ердоғанға шынайы ризашылығын білдірді Фото: Ақорда

Қазақстан Президентінің пікірінше, Түркия астанасында өткен келіссөздер екіжақты ынтымақтастықтың бауырластық, өзара сенім және стратегиялық серіктестік рухында дамып, бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге көтерілгенін көрсетеді. 

Еліміз Түркиямен БҰҰ, Түркі мемлекеттері ұйымы және басқа да халықаралық құрылымдар аясындағы ықпалдастықты жоғары бағалайды. Сондай-ақ Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті институттандыру процесіне тұрақты қолдау білдіргені үшін алғыс айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу