Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадқа барды

890

Мемлекет басшысы ТМД мемлекеттері басшыларының кеңесіне қатысу үшін Ашхабадқа барды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадқа барды

Қазақстан Президенті Түрікменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездеседі деп жоспарланған. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

"ТМД елдері басшыларының саммитінде Мемлекет басшысы ұйымды одан әрі дамыту бойынша өзінің көзқарасын білдіріп, Достастық елдерінің өзара экономикалық байланыстарын арттыру шаралары бойынша нақты ұсыныстарын айтпақ. Кеңес отырысының қорытындысы бойынша Ашхабадта бірқатар көпжақты келісімдерге қол қойылады. Сондай-ақ, жеңістің 75 жылдығына орай, ТМД халқына және әлемдік қоғамдастыққа Үндеу жарияланбақ",– делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу