Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Ақаев пен оның жұбайын қабылдады

553

Олар халықаралық ахуалды талқылады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Ақаев пен оның жұбайын қабылдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев пен оның жұбайы Майрам Ақаеваны қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Олар ғылым, білім беру, цифрлық экономика және адами ресурстардың даму үрдістері, сондай-ақ климаттың өзгеруі және әлемде болып жатқан оқиғаларды талқылады. 19 маусымда Ақаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "Ежелгі дәуірден бергі демографиялық динамика және адамзаттың болашағы" тақырыбында дәріс оқыды. 

Еске сала кетейік, Қырғыз Республикасының тұңғыш президенті Асқар Ақаев соңғы мәрте Бішкекке 2021 жылдың 14 желтоқсанында ұшып келді. Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетіндегі тергеуден кейін одан "Құмтөр" ісі бойынша жауап алынған болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу