Қасым-Жомарт Тоқаев ауған халқына көңіл айтты

938

Жексенбі күні Ауғанстанның шығысындағы Газни қаласында болған жарылыстан 12 адам қаза тауып, 179 тұрғын зардап шеккен болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев ауған халқына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанның Газни қаласындағы террористік актіге байланысты ел президенті Ашраф Ғани Ахмадзай мен ауған халқына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің Twitter парақшасына сілтеме жасап.

"Ауғанстан президенті Ғани мырзаға және ауған халқына Газни қаласындағы көп адамның өліміне себепші болған террористік актіге байланысты қайғырып көңіл айтамын", – деп жазды Мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, жексенбі күні Ауғанстанның шығысындағы Газни қаласында болған жарылыстан 12 адам қаза тауып, 179 тұрғын зардап шеккен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу